Жаңалықтар

Астанада 50-ге жуық қылмысқа күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлады qandastar.kz

Polisia.kz-тің мәліметінше, Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, алаяқты анықтаған. 58 жастағы зейнеткер шет елде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің армандарын орындамақшы болған.

Күдікті оқуға баратын бес шетелді ұсынып, өз есеп шотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі шамамен 18 млн теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close