Жаңалықтар
Астанада аргентиналық туристің 2 мың долларлық көзілдірігін ұрлап алған
Фото: tengrinews.kz
Астана полицейлері 77 жасар аргентиналық азаматқа құны 2 мың доллар болатын алтын жалатылған брендті көзілдірігін қайтарып берді, деп хабарлайды qandastar.kz елордалық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Егде ерлі-зайыптылар Азия қалаларын аралап, кейін Астанаға келді. Қала бойынша серуендеу кезінде оларға ер адамдар келіп, суретке түсуді ұсынды. Олардың біреуі бас тартқан соң, шетелдіктен көзілдірігін сынап көруін сұрап, шетелдіктердің дәрменсіздігін пайдаланып, қашып кеткен.
Астана қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысында екі күдіктіні тапты. Белгілі болғандай, сол күні олар елорда тұрғындарының үш телефонын ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елорда қонағы полицейлерге кәсіби шеберлігі, жеделдігі және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.