Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Астанада автобус апатқа ұшырады

Фото: Astanovka98
Астанада Бараев көшесінде Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобус жарықтандыру бағанасына соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол — көлік оқиғасы кезінде салонда 25-ке жуық жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері анықталуда, тексеру жүргізілуде.
«Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған», — деп хабарлады полиция. «Жол апаты кезінде салонда шамамен 25 жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр