Жаңалықтар

Астанада KaRima дәмханасы өртенді

Фото: скрин

18 қыркүйек түнінде Астананың Достық көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан 8 қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тілсіз жау бірінші қабаттағы KaRima дәмханасынан шыққан. Оқиға орнына ТЖД, Полиция департаменті және әкімдік мамандары жедел жетіп, біріккен штаб құрды. Құтқарушылар мен полицейлердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Дегенмен өрт салдарынан сегіз пәтер бүлінді. Қазір тұрғындар уақытша қаладағы қонақүйлерге орналастырылуда, оларға барлық бағытта көмек көрсетіледі.

Алдағы тәулікте зақымданған пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Бұл шығындарды KaRima дәмханасының иелері мен әкімдік бірлесіп өтейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close