Жаңалықтар

Астанада кемшіліктер бар: «Жаңа адамдар» мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін көтерді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қалалар қарқынды түрде дамып, көліктер саны артып келеді, бірақ қарапайым жаяу жүргіншілер жолының жақсаратын түрі жоқ. Бұл мәселе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қатты байқалады. Атап айтқанда, арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, – деп жазады qandastar.kz

Астанада «Жаңа адамдардың» «Город» жобасы белсенділері әлеуметтік эксперимент жүргізді. Астанада арбамен қозғалу қалай сезіледі? Белсенділерге экспериментте блогер Еркебұлан Рүстемов көмектесті. Ол өз блогында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінің ерекшеліктері туралы айтып, көрермендерін ынталандырады.

Қимыл-қозғалысы шектеулі Астана қаласының тұрғыны Мәңгілік Ел даңғылымен Триумф аркасы аумағына бағыт алды. Эксперимент барысында сынаушы көптеген еңсерілмейтін кедергілерге тап болды. Еркебұлан жаяу жүргіншілер жолында пандустар бар болса да, олардың сапасы нашар екенін атап өтті. Олар тым құлама, тайғақ немесе тар болуы мүмкін, бұл оларды пайдалануды қиындатады және қауіпті етеді.

Тексеріс аумағындағы көптеген жаяу жүргіншілер жолы қажетті пандустармен және басқа да қолжетімділік мүмкіндіктерімен жабдықталмаған. Бұл жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға үлкен қиындықтар туғызады. Нәтижесінде мүгедектер балама бағдар іздеуге мәжбүр, бұл жол жүру уақытын ұзартып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне қосымша қатер төндіреді.

«Город» азаматтық науқанының белсенділері қалалық ортаның қолжетімділігі – жай ғана ыңғайлылық емес, әлеуметтік әділеттілік мәселесі екенін атап өтеді. Қолайлы қалалық инфрақұрылымды құру – азаматтардың қауіпсіздігіне жасалған қадам, мұнда әрбір адам өзінің физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан қалада еркін қозғала алады. «Жаңа адамдар» өкілдері осы мәселені талқылау үшін Астана қаласы Есіл ауданының әкімімен кездесуді жоспарлап отыр. Жауапты тұлғалардың жылдам жауабын және өз жұмыстарын дұрыс орындауын күтеміз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close