
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы qandastar.kz сайты kazinform.kz порталына сілтеп хабарлайды.
Жиынға кеңес мүшелері мен уәкілетті органға қарасты медиаторлар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы талқыланып, қатысушылар жаңартылған нормалар қоғам сұранысына сай келіп, елдің тұрақты дамуына институционалдық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Сондай-ақ медиаторларды даярлау және оқыту мәселесіне баса назар аударылды. Жаңартылған талаптарға сәйкес, енді оқыту құқығы Үйлестіру кеңесі мақұлдаған оқу бағдарламалары бар ұйымдарға ғана беріледі.
Отырыста 11 медиаторлар ұйымының оқу бағдарламасы бекітілді. Олардың қатарында Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық медиация орталығы, «Альянс Успеха», «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы, «Pactum» медиация және келіссөздер орталығы, «Tatulas» медиация орталығы, ҚР Медиаторлар қауымдастығы, Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы, «Адам және Құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы, «Содействие и право» құқықтық көмек және медиация орталығы және International Bureau of Mediation ұйымдары бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан шетелде білім алып жатқан азаматтар саны бойынша әлемде 9-орында екені хабарланған болатын.


