Білім
Астанада оқушыны жүк көлігі қағып өлтірді

Фото: ашық дереккөз
Бүгін мектеп оқушысын жүк көлігі қағып өлтірді. Елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Тәртіп сақшылары Бейсекбаев көшесімен жүріп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісінің Кенесары көшесінің қиылысында бұрылыс кезінде жолды белгіленген жерде, бағдаршамның рұқсат етілген түсінде кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіге соқтығысуға жол бергенін анықтады.
«Жарақат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды».Астана ПД баспасөз қызметі