Жаңалықтар

Астанада полицей жаттығудан кейін қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Астанада полицей жаттығудан кейін қайтыс болды, деп жазды qandastar.kz Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала анықталғандай, күштік жаттығудан кейін залдан шыққан ер адам есінен танып қалған.

Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды жүргізгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі миокард инфаркті болған. Қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ведомство.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close