Әлеумет және қоғам

Астанада үш «қайырымдылық қоры» халықтан 340 миллион теңге жинаған: Бұл үшін олар жасөспірімдерді жұмысқа тартқан

Фото: ru.trend.az

Астанада жасөспірімдерді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау деректері тіркелді. Балаларды қайырымдылық қорлары келісімшартсыз жұмысқа жеккен, деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және көшелерде рейдтер жүргізілді.

Барлығы 8 кәмелетке толмаған (2008-2010 жылдары) жасөспірім анықталды. Олармен ешқандай келісімшарт жасалмастан, 3 қайырымдылық қоры оларды волонтер ретінде тартқан (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабының 3-бөлігін бұзу).

Аталған қорлар «қайырымдылық» деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 миллион теңге жинаған. Дерек бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша) қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қордың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне бөлек құқықтық баға беріледі.

Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа тарту қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіреміз (Қылмыстық кодекстің 132-бабы). Бұдан бөлек, Еңбек кодексінің 31-бабында кәмелетке толмағандарға ерекше еңбек шарттары қарастырылған (16 жастан бастап еңбек шарты міндетті түрде жасалуға тиіс, ал 14 жастан бастап ол заңды өкілінің келісімімен ғана рәсімделе алады). Аталған талаптарды бұзған жұмыс берушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ерлі-зайыпты ұлының еміне деп халықтан 1,3 млрд теңге жинап, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны үшін жауапқа тартылмақ. Тергеу барысында олардың тек 6,4 млн теңгені ғана емге пайдаланғаны анықталды. Қалған ақшаға бірнеше пәтер, көлік, жер телімі алып, бір бөлігін құмар ойынға жұмсаған. Сонымен қатар, шетелде ота жасатамыз деп жалған ақпарат таратқан. Сот санкциясымен олардың барлық мүлкіне тыйым салынды, ал күдіктілер үйқамақта отыр. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close