Елордадағы Q-Way тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болды. Кешен тұрғындарының айтуынша, ғимараттың төбесі кенеттен опырылып, бірнеше пәтер мен кіреберіс аймағын су басқан, деп жазады qandastar.kz.
Куәгерлердің сөзінше, оқиға кезінде шатырдың бөліктері құлап, адамдардың үстіне түскен. Бірінші және үшінші қабаттарда жарық сөнген, ал кіреберісте су жиналып, шалшық пайда болған.
Тұрғындар бұл жағдайға құрылыс компаниясын кінәлап отыр. Айтуларынша, аталған үйге олар биыл ақпан айында ғана қоныстанған.
Алайда құрылыс компаниясы әзірге оқиғаға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
Қалалық әкімдік пен төтенше жағдай қызметі оқиғаның себептерін анықтап жатыр.



