Жаңалықтар

Астанада жатақхана өртке оранды

Фото:112

Бүгін таңертең Астананың Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойында орналасқан алты қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды qandastar.kz

Өрт жатақхананың алтыншы қабатынан шыққан.

Өрт сөндірушілер 50 адамды эвакуациялады. Оның жетеуі бала. 490 адам өз бетінше шыққан.

1600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close