ЖаңалықтарСпорт

Астанадағы аналар митингі: полиция арандатушылар анықталғанын хабарлады

Астанада қаза тапқан сарбаздардың аналары өткен митингте полиция арандатушылардың болғанын мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

10 қараша күні Астанада қаза тапқан және жараланған сарбаздардың аналары азаматтарды қабылдау орталығының маңында бейбіт митинг өткізді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, акция рұқсат етілмеген сипатта өткен.

«10 қарашада Астанада азаматтармен азаматтарды қабылдау орталығының жанында рұқсат етілмеген акция ұйымдастырылды. Прокуратура және полиция өкілдері қатысушыларға заң талаптары мен бейбіт жиналыстар тәртібін бірнеше рет түсіндірді, ресми ескерту жасалды. Алайда бұл ескертулерге қатысушылар құлақ аспады. Осыған байланысты заңда көзделген шаралар қабылданды», — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, митингке қатысқан кейбір адамдардың сарбаздар отбасыларына қатысы болмаған және олар «арандатушылық мақсатпен келген». Бұл азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.

Ал қаза тапқан және жараланған сарбаздардың аналарына қатысты полиция профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң нормаларын түсіндіргеннен кейін олар үйлеріне жіберілген.

Еске сала кетсек, 10 қарашада Астанадағы митингке шыққан аналар армиядағы өлім-жітім мен тәртіпсіздікке алаңдап, қорғаныс саласында реформалар жүргізуді талап еткен болатын. Олар билікке бірқатар сұрақтар қойып, ұлдарының өлімінің себептерін ашық тергеуді сұрады.

Қорғаныс министрлігі аталған оқиғаға жауап ретінде әскерилердің қауіпсіздігіне ерекше мән берілетінін мәлімдеді.

Кешке қарай президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловқа аналардың өтінішін қарау үшін 12 күн мерзім бергенін хабарлады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button