Жаңалықтар
Астанадағы әуебазада әскери қызметкер зардап шекті

Астанадағы әуебазасында әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе қорғанысы күштері баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордадағы әскери авиациялық базаның аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан бір әскери қызметкер зардап шекті.
«Жәбірленуші дереу елордадағы медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды», – деп хабарлады ведомство.
Оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.