Әлеуметтік желіде Астананың Орталық саябағында орналасқан «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінің видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, көпір конструкциясының бір бөлігі салбырап тұрғандай көрінеді және тірекке толық сүйенбеген болуы мүмкін. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі astana__press парақшасына сілтем ежасап хабарлайды.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, түскен өтініштерге байланысты көпірге техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде нысанның қазіргі техникалық жағдайы анықталып, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарының қажеттілігі бағаланатын болады.
Айта кетейік, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірі 2018 жылы салынып, елорданың 20 жылдық мерейтойына орай қалаға тарту етілген. Жобаның сол кездегі құны шамамен 6 миллиард теңгені құраған.



