Жаңалықтар

Астанадағы өрттен ешкім зардап шекпеген

Фото: Kazinform

Астаналық өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр. Kazinform тілшісі оқиға орнына барып келді. 

Байқағандарыңыздай, өртпен күрес әлі жүріп жатыр. Оқиға орнына жиналған адамдар жағдайды бақылап отыр.

Төтенше жағдай болған жерде өрт сөндіру, тәртіп сақшылары және жедел жәрдем қызметін бақылауға болады.

Жергілікті тұрғындарды әңгімеге тартқан едік, өкінішке қарай пікір білдіруден бас тартты.

«Қазіргі уақытта жоғары қысымды сорғылар жұмыс істеп жатыр. Сөндіру жұмысы жалғасуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов жүр.

Еске сала кетейік, бүгін астанада көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шықты.

Құтқарушылар 8 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде бір бала бар. Арнайы штаб құрылды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close