Жаңалықтар
«Ата-енені сыйлап жүр»: Қайрат Нұртастың әкесі келініне су жаңа көлік мінгізді
Фото: https://www.instagram.com/aidarbekov_nurtas/
Отандық мегажұлдыз Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Сәркеноваға су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жаңалықты Нұртас Айдарбековтың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан.
«Баяғыда әкем мен анам айтушы еді «Балам, ата сыйласан алдыңа келеді» деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын», – деп жазды жұлдызды әке.
Күтпеген тосынсыйға ие болған блогер келіншек те ата-енесіне алғыс білдірді.
«Алла разы болсын сіздерге папа, мама. Нағыз тосынсый болды. Құттықтауларыңызға рақмет. Киіміме қарап, менің мұндайға дайын болмағанымды аңғаруға болады», – деді тосынсый иесі.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне арнап жазба жариялап, «Ағайынның батасын алған келін» деп мерейін өсірген еді.