Әлем жаңалықтары

Атақты миллиардер қызметкерлеріне 653 млн долларды бөліп бермек

Фото:  www.istockphoto.com

Ұлыбританиялық миллиардер Марк О’Хара Preqin атты компаниясын сатып, 653 млн долларды қызметкерлеріне бөліп бермек, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune-ге сілтеме жасап.

О’Хара Preqin-нің негізін 2002 жылы қалаған. Компания қаржылай деректер мен балама инвестиция нарығы туралы мәлімет жинақтау мен талдаумен айналысады. Аталған компания 190 мыңдаған қордың, 60  мыңдаған қор биржасының және 30 мыңдаған инвесторлардың жұмысы туралы жазады.

Маусым басында Preqin компаниясын америкалық BlackRock компаниясы сатып алған болатын. Келісімшарт құны – 3,2 млрд доллар.

Келісімшарт жасалған соң, кәсіпкер мен оның әйелі Линди О’Хара Ұлыбританияның 100 бай адамының тізіміне кіреді. Алайда кәсіпкер түгел соманы өз атына аудармай, 2653 млн долларды Preqin қызметкерлеріне бөліп бермек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close