Жаңалықтар
Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді
Атырауға Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Жүктің ішінде күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек, су сорғыш құралдар бар. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Айта кетері, Ляньюньганда қытай-қазақ логистикалық базасы бар.
«Қытай мен Қазақстан – ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды», – дейді қытай тарапы.
Гуманитарлық жүк Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына тапсырылды.