Жаңалықтар

Ауқымды реформалардың жалғасын күтеміз

Фото: автордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты өткен жылғы Жолдауында ауқымды жоспарлар мен міндеттерді тізбектеді. Еліміздің қарқынды дамуы жолында жасалатын қадамдарға ерекше тоқталды.

Президент Жолдауының екінші жыл қатарынан 1 қыркүйек – Білім күніне сәйкес келуі кездейсоқтық болмаса керек.

Өйткені адами капиталды дамытудың бірден-бір қайнар көзі – ғылым мен білім. Кезекті Жолдау білім беру жүйесі қызметкерлерінің ешбірін бейжай қалдырған жоқ.

Маңызды саяси құжат қашанда орындалуымен құнды. Осы орайда өткен жылғы Жолдауда айтылған бір ғана мәселеге мән бергім келеді. Президент пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіруді тапсырған еді.

Тапсырмаға сәйкес мектеп оқулықтарының 95,5%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды.

Биыл еліміздің 700-ден астам мектебінде 1200-ден астам робототехника, химия, биология, физика, STEM пәндік кабинеттері ашылмақ.

Шәкірттерге цифрлық форматта білім беру – жаңа заман талабы.

Демек, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауын 2 қыркүйекте жариялайды деп күтілуде. Ол да елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы болатынына сенім зор.

Райхан Сүлейменова,

Сафи Өтебаев атындағы

Атырау мұнай және газ университеті Мұнай-газ

факультетінің деканы

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close