Мәдениет
«Аулақ жүріңдерші»: Жанар Айжанова атышулы Хасанмен түскен суреті туралы пікір білдірді
Коллаж: ozgeris.info
Журналист Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдерінен Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Онымен тікелей айналысып жатқан құқық қорғау органдары бар. Оны актер да, академик та айтуы мүмкін. Бірақ одан өзгеріп жатқан ештеңе жоқ сияқты, – дейді актер Жанатбек Байтеков.
Ал әнші Мирас Бекжанов болса, қоғамдағы даулы оқиға туралы пікір білдіру оның міндетіне жатпайтынын алға тартты.
Жоқ мен ештеңе салған жоқпын. Ол туралы желіге бірдеңе салу міндет емес деп ойлаймын. Жауапты адамдар зерттеп, шешіп жатыр, – деді ол.
Ал желіде атышулы Хасанмен бірге түскен суреті тараған Жанар Айжанова жауап беруден бас тартты.
Мен ондайда айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші, – деді дәстүрлі әнші.
Ал Жан Ахмадиев ел алдында жүргеннің бәрі ел ішінде болып жатқан оқиғаға араласуы керек деп есептейді.
Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасына күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартып, бұл тақырыпты қозғағысы келмейтіндерін айтты, – деді ол.