Жаңалықтар

Ауыр қылмыс жасаған: Антикор бұрынғы жедел уәкілді іздестіруде

Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіруде, деп хабарлады Qandastar.kz.

Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы. Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы ПБ бұрынғы жедел уәкілі. Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».

– Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу), – делінген хабарламада.

Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал етіп, ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілмек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close