Жаңалықтар

«Аяғынан айырылды»: Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Елордада жолаушылар автобусының апатқа ұшырауы салдарынан бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді, — деп жауап берді басқарма редакцияның сауалына.

Белгілі болғандай, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады.

Бір пациентке төменгі аяқтың ампутациясы жасалды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, — деді ведомстводан.

Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.

Аталған автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр екені де хабарланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close