Білім
Аятжан Ахметжан 420 оқушыға грант береді
Фото: halyq-uni.kz
Белгілі педагог, еліміздегі «Ұлттық мектептердің» негізін қалаушы Аятжан Ахметжан 420 оқушыға грант беруге уәде етті, – деп хабарлайды qandastar.kz.
«Ұлттық мектеп неге ақылы деп сынайтындар көп, қымбат деп ренжитіндер де көп. Бірақ, ғимарат арендасы, мұғалімдер мен қызметкерлер жалақысы, коммуналдық шығын, күнделікті керек жарақ шығындары бар. Мектептің материалдық шарт жағдайын жасақтауды айтпағанда, осы төрт үлкен шығын бар. Ал, мемлекеттен жан басына қаржыландыру бағытында берілетін шығын осының біреуін толық жаппайды. Сондықтан ата-ана төлеміне жүгінеміз.
Себебі, сапалы дүние жасау үшін үлкен қаржы керек. Білікті маманға жақсы жалақы керек.
Бірақ жеңілдік сұраған ата-аналар мен өтініш айтқан адамдар тым көп болуын ескере отырып, экономикалық мүмкіндіктерімді саралай отырып мүмкіндігім бар 3 қалаға тағы 420 оқушыға грант беруді жөн көрдім», – деді ол.