Жаңалықтар
«Азаматтарымыздың жағдайына мұқият қараңыздар»: Бектенов әкімдіктерге тапсырма берді
«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.
Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар.Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», – деді Олжас Бектенов. Еске сала кетсек, бұған дейін үкімет отырысында вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, 28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған.