ҚР азаматтығын алу
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшiн қажетті құжаттар:
Азаматтыққа қабылдау туралы арыз.
Сауалнама-арыз.
Өмірбаян.
Өлшемi 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет.
Мiндеттеме.
Соттылығының болуы не жоқтығы туралы анықтама.
Мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
Басқа мемлекеттің құзырлы органы берген азаматтығының жоқтығы немесе бұрынғы азаматтығының тоқтатылғаны туралы анықтама.
Аталған құжаттармен бірге
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшiн:
Қазақстандық азаматтықтан шығу туралы арыз.
Сауалнама-арыз.
Өмірбаян.
Өлшемi 3,5 х 4,5 см үш фотосурет.
Балалардың туу туралы және неке куәліктерінің көшірмелері.
Әскерге шақырылатын жастағы адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
Жұмыс, оқу орнынан, ал жұмыс iстемейтiндер – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот актілерін орындау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органынан адамның мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерiнiң болуы немесе жоқ екенi туралы анықтама.
Осы адамдардың материалдық және басқа да шағымдарының жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші (Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе оның асырауындағы адамдар бар болса).
Мемлекеттiк баждың төленгенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
Ассалаумағалейкум! Сіздердің сайттарыңыз қандастарға арналған болғандықтан, сол кісілерге арналған ақпараттар қойсаңыздаршы. Мына азаматтарға қажетті құжаттар оралмандарға қажеті шамалы ғой.