Жаңалықтар

«Әзілдері шектен шығып кетеді»: Қазақ тілін мазақ еткен Черчесовке қомақты айыппұл салынды

Фото: © AP Photo/ Denes Erdos

Бас бапкерге қазақ тілінде сауал қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты сөйлеген сөзі үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бас бапкерге қазақ тілінде сауал қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Черчесовтың әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close