Қаржы және төлемдер

Азық-түлік қай өңірде арзан?

Фото: ашық дереккөз

Азық-түлік бағасы ең арзан облыс аталды, деп жазды qandastar.kz

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын 11 тауардың бағасы елдегі орташа бағадан төмен. Мысалы, ұнның орташа бағасы 224 теңге болса, Петропавлда оның бір келісі 150 теңге тұрады. Бұл туралы Сауда комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

СҚО-да сәбіз бағасы да 14%-ға төмен. Елдегі ең арзан жұмыртқаны да осы аймақтан кездестіруге болады, дейді комитет. Мұнда С1 санатындағы жұмыртқа 462 теңгеден саудаланып жатыр. Ал оның республикадағы орташа бағасы – 545 теңге. Бұдан басқа облыста сүзбе, картоп, сиыр еті, нан, макарон, қарақұмық жармасы, сары май, пияз бен орамжапырақ құны да арзан болып шықты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close