Әлем жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

«Байқоңырды дамытуға үлес қосқым келеді»: 15 жастағы қазақстандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Фото: жеке қорынан

15 жастағы алматылық Сымбат Барсағазы АҚШ-тың ғарышты зерттейтін NASA ұйымында тәжірибеден өтті. 10-сынып оқушысы екі апта ішінде ғарышкерлердің Марста өмір сүруін қадағалау бойынша жұмыс істеген, деп хабарлайды qandastar.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Сымбат Барсағазы NASA-дағы тағылымдама кезінде сол жердегі тәжірибелі инженерлерден тәлім алған. Әрі Марсқа арналған жобалармен жұмыс істеп үйренген. Ол ғарышкерлердің оттегімен тыныстап, радиациядан қорғануына жауапты болыпты.

«Оқушылардың басты міндеті – Марсқа шынайы пилоттық миссия жобалау. Бізді 5 топқа бөлді, мен жасыл топтың мүшесі болдым. Біз астронавтардың Марста өмір сүруін қамтамасыз етуге жауапты болдық. Маған инженер Синда Чуленнің лекциясы қатты әсер етті. Ол скафандрлер бойынша сарапшы. Лекция барысында біз скафандрдің перчаткасын сынап көрдік. Лекция өте қызықты және интерактивті болды», – дейді ол.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close