Жаңалықтар

Бақытжан Тұрлыбеков қызметке тағайындалды

Дереккөз: Айқын.кз

«Joryq» ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің идея авторы Бақытжан Тұрлыбеков Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті – атқарушы директоры болып тағайындалды. 

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 10 федерация кіреді: бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, «Joryq». Б.Тұрлыбеков аталған федерациялардың жұмысын үйлестірумен айналысатын болады.

Б.Тұрлыбеков – екі жоғары білімі және журналистикада мол тәжірибесі бар білікті медиаменеджер. Еңбек жолын дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде бастады. 2009-2013 жылдары Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарған.

2013-2023 жылдар аралығында NewTimes.kz ақпараттық агенттігін, «Elorda Aqparat», «Айқын-Литер» ЖШС-ін, «Халық үні» медиа-ресурстарын басқарды.

Мектеп оқушылары арасында 2018-2021 жылдары ұйымдастырылған батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық ағарту жобасының негізін қалаушы.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close