Жаңалықтар
Бала асырап алғысы келетін азаматтарға қойылатын талап қатаңдайды
Фото: ашық дереккөз
Бала асырап алғысы келетін азаматтарға қойылатын талап қатаңдайды, деп жазды qandastar.kz
Оқу-ағарту министрлігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ерлі-зайыптыларға басымдық беретін бірнеше заңнамалық норма әзірледі. Вице-министр Еділ Оспанның сөзінше, міндеттер күшейтілмек.
Олардың қатарында бала асырап алушы мен асырап алынған бала арасындағы жас айырмашылықты белгілеу, үміткердің соттылыққа қатысты мәліметті жыл сайын жаңартып отыруы, міндетті психологиялық тексеруден өту және аккредиттелген ұйымдар арқылы оқыту сияқты талаптар бар. Қазір түзетулер мемлекеттік органдардың қарауынан өтіп жатыр. Кейін бұл нормалар Парламентке ұсынылады.