Білім

Балабақшада 12 балаға бар-жоғы 4 тәрелке тамақ берілген

Фото: ашық дереккөз
Ақтаудағы балабақшада 12 балаға бар-жоғы төрт тәрелке тамақ берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтау қаласындағы №29 балабақша тәрбиелеушілерінің балаларды тамақтандырып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Ата-аналарының айтуынша, 12 бүлдіршінге таңғы асқа тек бес порция, ал кешкі асқа төрт порция тамақ берілген.

«Үлгергендер тәрелкені алып алды, ал үлгермегендер басқалардың тамақ ішіп жатқанына қарап отырды», – дейді ата-аналар.

Сондай-ақ тағы бір ана басшылық ауысқан соң мекемедегі балаларға деген көзқарас өзгеріп, баласын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр болғанын атап өтті.

Қалалық білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылып, дүйсенбі, 1 шілде күні тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшада 34 бүлдіршін уланып қалғаны туралы жазған едік.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close