Жаңалықтар
«Балаларым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін»: Шаншар театрының актері құпиясын ашты

«Шаншар» театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz
«Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген.
Үйге келген кісілердің бәрі: «Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой» деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен.
Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда.
Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап «Тайсонның қыз нұсқасы» деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.