Мәдениет

Баян Алагөзова белгілі блогерді жазалауды талап етті

Фото: ашық дереккөз
Желіде Жанәділ Райымбековтің «Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды» тақырыбындағы видеосы таралған болатын.

Продюсер Баян Алагөзова әйелдердің құқығына қатысты сөйлеген блогердің әрекетіне ашуланды, – деп жазды Aikyn.kz.   

Желіде Жанәділ Райымбековтің «Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды» тақырыбындағы видеосы таралған болатын. Продюсер әлеуметтік желіде осы видеоны бөлісіп, оған назар аударуды, жазалауды сұрады.

“Мұндай адамдар әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады. Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!», – деп жазды Баян Алагөзова.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close