Жаңалықтар

«Бейшаралар бәсекесі»: Мәскеуде үнемі шағым айтып жүретіндер арасында турнир өтіп жатыр

сурет: istockphoto.com
Мәскеуде 4-20 шілде аралығында «Бейшара күз» фестивалі өтеді. Бұл шараны ұйымдастырушылар — ГЭС-2 мәдениет үйі. Фестивальдің мақсаты – ашық түрде өз-өзіне көңілі толмаушылықты білдіру арқылы қатысушыларды жақындатып, эмоцияларын бөлісуге мүмкіндік беру, деп хабарлайды Qandastar.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фестиваль кезінде қатысушылар «Аянышты кездесу», «Мені ая» атты телесессияларға қатыса алады. Мұнда олар психолог, актриса, ақын немесе травматолог сияқты мамандармен бірге эмоциялық күйін ашық талқылайды.

Фестивальдің басты оқиғасы – 6 шілде күні өтетін «Үнемі шағым айтып жүретіндер турнирі». Бұл бәсекеде қатысушылар үш кезеңнен өтеді:

Өз еркімен кез келген тақырыпта шағым айтып, көңіл күйін білдіру;
Алдын ала белгіленген тақырып бойынша шағым айту;
Қазылар алқасын және басқа қатысушыларды өз шағымдары арқылы сынау, өзін басқалармен салыстыру.
Қазылар алқасы ең шебер, өз-өзін қатты айтын, бейшара сезінетін әрі ұтқыр шағым айтатын қатысушыларды анықтайды.

Фестивальге қатысу үшін сайтта алдын ала тіркелу қажет. Іс-шараға барлық жастағы адамдар қатыса алады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close