Әлем жаңалықтары
Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға ниет танытуда

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында Бейжіңнің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz.
«Сауда-экономика, өнеркәсіп, инвестиция, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты ұлғайту, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына қызмет көрсетуді жақсарту және көлік қатынасының кең әрі жоғары тиімді желісін жақсарту үшін Транскаспий халықаралық теміржолының құрылысын дамыту қажет», — деп жазды Си Цзиньпин.
Сондай-ақ ол Қытайдың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мәдени-гуманитарлық нысандарының рөлін айқындау қажеттігін мәлімдеген.
«Халықтарымыз тамыры тереңге тартатын достыққа мүдделі. Оны сақтап дамыту үшін екі халықтың жақындығын арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени-гуманитарлық байланыс қажет. Лу Бань шеберханасының, Конфуций институттарының, Қазақстандағы Қытай Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының рөлін айқындап, екі ел арасындағы достықты лайықты жалғастырушыларды тәрбиелеген жөн», — деді Қытай басшысы.