Жаңалықтар

Белгілі әзілкеш шаңырағы шайқала жаздағанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көз жасына ерік беріп, өкінішін жеткізді, деп жазды qandastar.kz

«Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Әрсен «Сен өнердің адамысың. Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді» деді. Мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті», – дейді.

Блогер енді кәсібін біржола тоқтатуға бел байлаған. Себебі отбасын сақтап қалғысы келеді.

«Қолдаған жүректерге рахмет! Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек хайырлысы осы шығар. Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен точно ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, ақылдасып шешуге тырысайық кез-келген істі. Әрсенді көп ренжіттім, кешірім сұрау керек болып жүр», — деп жазды ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close