Жаңалықтар
«Биороботтар»: белгілі тарихшы Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеуханды айыптады
Тарихшы, Йассауитанушы Зікірия Жандарбек Qasqa Jol youtube-арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Зікірия Жандарбек әңгіме барысында діни үрдістерге қатысты пікір білдіріп, соның ішінде Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеухан туралы ойын айтқан.
Спикер Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеуханды уаһабилік ағыммен байланыстырып, оларды ««биороботқа» теңеген. Оған қоса уаһабилік ағым ислам елдеріне құрдымға кетіруші күштің бірі дегенді меңзейді.
“Бұлар тек қана адамның физикалық болмысының қажеттілігін өтейтін шариғат жолында. Ахләл хадис жолында. Бұлар ешқашан да рухты мойындамаған. Рухты мойындамаған жерде ешқашан да адами жолмыс жоқ. Рухты мойындамаса, ол жерде дін бар деп ойламаймын мен. Рухты Аллаға серік қосу десе, онда бітті деген сөз. Себебі, Рух дегеннің өзі Алланың адамға берген аманаты. Осыны мойындамай тұрған адамдарда қандай иман болады? Рухсыз сен робот боласың. Қазір батыстың барлық жасап жатқан мақсаты сол адамды биороботқа айналдыру. Ал уаһабилік деген ислам елдерін ірітудің ең негізгі құралының біріне айналып отыр. Сол қалған Мұхамеджан Тазабеков те, Бекболат Тілеухан да биороботтар”, — деді Зікірия Жандарбек.