Білім
Бес минут қалғанда кіргізеді: Ақтауда мектеп алдына жиналған оқушылар бірін-бірі таптап кете жаздады
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Ақтаудағы №19 орта мектепте оқитын балалардың ата-аналарының айтуынша, екінші ауысымда оқитын оқушылар рұқсат бермейінше далада тұруға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-аналардың айтуынша, екінші ауысымда оқитын балаларды көшеде тұруға мәжбүрлеп, рұқсатсыз кіргізбейді.
«Менің қызым үнемі мектепке кіру қиын екенін айтып жүреді, өйткені олар сабаққа 5 минут қалғанда кіреді. Мен барып, өзім көруді жөн көрдім. Шынында да. Барлығы кіріңдер демейінше сыртта тұрады. Содан кейін балалар сыныпқа жету үшін есіктен сығылысып кіреді. Мен вахтадан неге бұлай деп сұрадым, маған бұл директордың бұйрығы деп жауап берді», – деді аналардың бірі.
Айта кетейік, қалалық білім бөлімі жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Ата-аналар күн сайын осылай болады десе де, мектеп әкімшілігі бүгінгі оқиға тек бір рет болғанын айтады.
«Сағат 13:45-те мектепте жиналыс өткізілді, осыған байланысты кезекші мұғалім уақытында түсе алмады. Осы уақытта кіреберісте балалар жиналып қалған. Мектепте 3 блок және әрқайсына жеке кіретін есік бар. Бүгінгі жағдай тек бір блокта осылай болды. Күнделікті кезекшілік бақыланады. Осы жағдайға байланысты жауапкер адамдарға ескерту берілді», – делінген білім басқармасының жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Астанада «Жетісу» саябағындағы тегін таратқан раушан гүлдеріне қаумалаған адамдар бір-бірне кептеліп, қысылып қалғанын жаздық. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Мүмкіндігінше көп гүл алуға тырысып, бір-бірін итерген адамдар жұртшылықтың ашуына тиді. Көпшіліктің арасында балалар да болған. Бірақ гүлге таласқан ересектер оларды ескермегені көрінеді. Себебі кадрларда «абайлаңыз, бала» деп айқайлаған дауыс шыққан.