Жаңалықтар

Биік үйдің терезесінде билеген қыз құлап кетті

Фото: Бейнежазбадан алынған кадр.

 

Алматыда биік үйдің терезесінде билеп тұрған бойжеткен құлап кетті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.

Қайғылы оқиға 26 маусым күні таңғы уақытта Теремке тұрғын үй кешенінде болған. Желіде тараған видеодан қыздың көпқабатты үйдің терезесінен шығып, ерсі қимылдар жасап, билегенің көрінді. Оны көрген көршілер оған “құлап қаласың” деп ескерту жасайды. Куәгерлердің айтуынша, ол алтыншы қабаттан құлаған.

Полиция оның жоғарғы қабаттан құлап мерт болғанын хабарлады. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close