Жаңалықтар
Білім министрлігінде бірқатар функциялар өзгерді

Фото:Екатерина Елисеева
Үкімет 2025 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді Білім министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп:
- жыл сайын білім беру ұйымының түрлері бойынша білім берудің орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;
- мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындайды;
- қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру жинақтау салымдары және білім беру жинақтарын сақтандыру туралы үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді.
Бұл ретте ережеден 89-9-тармақ алынып тасталды.
Білім министрлігінің келесі функциялары да түзетілді:
- ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік сыйлықақыны есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту.
Министрлiкке ғылым және жоғары бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн Бастапқы бiлiм беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларын үйлестiру өкiлеттiгi берiлдi.
Бұйрық 2025 жылдың 12 наурызынан бастап күшіне енеді.
Назарбаев Зияткерлік мектептері оқыту тәжірибесін қарапайым мектептерге көшіретінін жазғанбыз.