Қаржы және төлемдер
Білім саласындағы былық: Астанада жұмыс істемейтін қызметкерлерге 8 млн сыйақы аударылған
Фото: ашық дереккөз
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша е бюджет қаражатын жымқыру фактілерін әшкере етті, деп жазады qandastar.kz
Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылған.
«Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Кінәлі тұлғамен материалдық залалды толық көлемде өтелді» делінген хабарда.
Үкім заңды күшіне енді.