Білім

Білімдегі былық: Директор қызметін асыра пайдаланып, мұғалімдерге айыппұлын төлетіп, ақша жинаған

Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы «N3 мамандандырылған мектеп» КММ-де заң бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Анықталғандай, мектеп басшылығы мұғалімдерден заңсыз ақша жинады деп айыпталуда.

Басшылық мобильді банкинг қосымшалары арқылы мұғалімдерден үнемі ақша талап етіп отырған.

Жалған бұйрық негізінде ақша аударымдары жасалған, кейбір қызметкерлерге негізсіз сыйақы төленген жағдайлар да анықталды.

Жұртты шулатқан жайттың бірі – директор мұғалімдерді өзінің әкімшілік айыппұлын төлеуге мәжбүрлеген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close