Жаңалықтар

Binom мектебінің оқушысы терезеден секіріп кетті

Фото: ашық дереккөз

Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген хабарламада.

12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close