Жаңалықтар
«Бір тісі жоқ адамға брекет орнатқан»: Отбасы банк зейнетақы ақшасына неге тіс емдеуге болмайтынын түсіндірді
Фото: istockphoto.com
Отбасы банкі “Үкімет осы себепті тіс емдеуге арналған зейнетақы төлемін уақытша тоқтату туралы шешім шығарды” деп түсіндіреді.
Өйткені 2024 жылдың өзінде емделуге 435,1 млрд теңге біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылған. Бұл соманың шамамен 98% стоматологиялық қызметтерге кеткен. Дегенмен емделуге жұмсаған біржолғы зейнетақы төлемдерін тексеру кезінде қаржыны мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталған. Яғни кейбір клиникалар зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақша түрінде шығарып алуға көмектескен.
Банк бұл фактілерді қалай анықтаған:
-стоматологиялық клиникалардың орналасу мекені клиенттердің тұратын жеріне және медициналық тіркеуге сәйкес келмеген;
-клиника клиенті болдық деген азаматтар оны көрсетілген стоматологиялық қызметтер алу туралы анықтамалармен растамаған;
-бірқатар клиент өздерінің зейнетақы төлемдерін ешқандай стоматологиялық қызмет алмай, делдалдар арқылы және ақшалай сыйақы төлеп алғандарын түсіндірген;
-БЗТ қаражаты есебінен емделу үшін, міндетті құжаттардың тізбесіне кіретін, азаматтардың медициналық тіркелген жері бойынша дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларында қол қоюға құқығы жоқ сондай-ақ дәрігерлік комиссияның мүшелері болып табылмайтын, тіпті медициналық мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың қолдары тұрған.