Жаңалықтар
Бірінші вице-министр дәрігерлердің қателігінен қайтыс болды — экс-сенатор

Фото:bugin.kz
Бұрынғы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева ауруханада қайтыс болғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазды qandastar.kz
«Өз аяғымен ауруханаға барып, жасауға болмайтын отаны аурухананың дәрігерлері тез жасап береміз деп жасатқан. Отаның нәтижесі Натальяны жан сақтау бөлімені, одан кейін жасалған оталар нәтижесіз болып соңы бір адамның өліміне алып келді. Бұл дәрігер оташылардың өрескел қателігі деп білемін. Оны мен осыдан үш жыл бұрын басымнан өткізгенмін. Маған жасалған үш отаның дұрыс емес екенін неміс дәрігерлері айтып берген еді. Германияда сәтсіз оталар болмайды, болған жағдайда ол дәрігер сотталады не өмір бойы өз мамандығына жолатылмайды. Советтік кезеңде біздің медицина әлемдегі ең мықты болып саналатын. Қазір ше? Сұрақ көп, жауап жоқ», — деп жазды экс-сенатор.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, экс-депутат кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек деп есептейді.