Жаңалықтар
Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталды
Фото: Видеодан скрин
Экс-министр Қуандық Бишімбаевты ісіне қатысқан прокурор Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградамен марапатталды. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.
Бас Прокурордың ұсынуымен Мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ прокурорлар қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.