Жаңалықтар
«Бишімбаев изоляторда төбелес шығарды»: құзырлы орган тараған ақпарат туралы пікір білдірді
Желіде Астана қаласының тергеу изоляторында Бишімбаевтың төбелес шығарғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл жайтқа Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері пікір білдірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
«Түрмеден ақпарат тарататын дереккөздердің мәліметінше, Қуандық Бишімбаев белгісіз себеппен тергеу изоляторында сотталушымен төбелескен. Тағы да унитаз кінәлі болса, таң қалмаңыз. Әр ай сайын біреуді ұрып тұрмаса, жағдайы қиындап кететін адам екен», – делінген жазбада. Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді,» – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.