Жаңалықтар

«Бізге темекі сатпады»: екінші куәгер қыз сотта не болғанын айтып берді

Фото: видеодан скрин

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың қаза болуына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта екінші куәгер – Дана Жақсыгелді жауап берді, деп хабарлайды  qandastar.kz   Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Куәгердің айтуынша, сол түні оларды Равиль есімді таныстары «Эйфория» кафесіне шақырған. Онымен бірге Эльмира Нұрбекова да келген.

«Сағат түнгі он екіге таяу үйге қайтқымыз келді. Нұрқияс көлікпен жеткізіп тастайтынын айтты. Жолда «Қамажай» дүкеніне тоқтадық. Темекі керек еді, бірақ бізге сатпады. Сол сәтте сыртқа шықсақ, дүкеннің алдында бірден ұрыс басталып кетті», — деді Дана Жақсыгелді.

Оның сөзінше, кикілжің кезінде бойы ұзын, сақалды бір жігіт алдымен аспанға, артынша жастар тобына қарай екі рет оқ атқан.

«Қатты қорықтым. Мылтықтың дауысын естігенде өмірім үшін қорқып кеттім. Сол сәтте көлікке отырып, кетіп қалдым. Полиция шақыру деген ой болған жоқ», — дейді ол.

Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр қазан айында Талғар қаласында тіркелді. Төбелестен кейін Шерзат Болат көз жұмды. Арада көп өтпей, марқұмның отбасы тұратын үй өртке оранып, полиция «бөтеннің мүлкін қасақана жою» бабымен қылмыстық іс қозғаған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close