Жаңалықтар

БҚО-ДАҒЫ ҰЗЫНКӨЛ ҚОЙМАСЫНДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

Батыс Қазақстан облысындағы Ұзынкөл су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді, жағдай тұрақты. Аймақта жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров тасқыннан зардап шеккен және қауіп төніп тұрған аудандарды аралады. Жайық өзенінің арнадан асуына жол бермеу жұмыстарымен танысты. Қазір онда ресей аумағынан көп мөлшерде су келіп жатыр. Орынға арнайы техника тартылып, жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, су тасқыны салдарынан  Батыс Қазқстан облысының 5 ауданы мен Орал қаласында тұрғын үйлерді су шайды. 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close