Жаңалықтар
«Бортта 179 жолаушы болған»: тағы бір жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

АҚШ-та Денвер халықаралық әуежайында Майамиға ұшуға дайындалып жатқан American Express компаниясының ұшағы өртеніп кетті. Жүру жолағымен қозғалған сәтте ұшақтың шасси бөлігінде от тұтанып, экипаж әуе кемесін дереу тоқтатқан, деп хабарлайды Qandastar.kz
Борттағы 179 жолаушы үрлемелі траптар арқылы шұғыл эвакуацияланды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ салонының артқы бөлігін түтін басып қалған. Қайтыс болғандар жоқ, бес адам жеңіл жарақат алған, ал бір жолаушы тексеру үшін ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына техникалық ақау себеп болуы мүмкін.